Түркия Йеменде тараптарды бейбіт шешімге шақырды

ТР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

1888053
Түркия Йеменде тараптарды бейбіт шешімге шақырды

Түркия 2 сәуір күні 6 айға созылған "атысты тоқтату келісімі" мерзімі аяқталған Йеменде тараптарды бейбіт шешімге шақырды.

ТР Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «Йемендегі тараптардың атысты тоқтату келісімін жалғастыруы үшін талпынудамыз. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жетекшілік ететін келіссөздердің сындарлы түрде қолдаймыз және мәселені келіссөз арқылы бейбіт жолмен шешілуін үміт етеміз. Конституциялық заңдылық шеңберінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарлар мен белгіленген халықаралық параметрлері негізінде тараптарды шешім табуға шақырамыз» делінді.

Мәлімдемеде Түркияның БҰҰ-ның осы шеңбердегі шешім талпыныстарына қолдау көрсетуді жалғастыратыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар