"Азов" қолбасшылары Стамбулда отбасыларымен бас қосты

Украина президенті Владимир Зеленскийдің жұбайы Елена Зеленска да кездесудің куәсі болды.

1888226
"Азов" қолбасшылары Стамбулда отбасыларымен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей және Украинамен дипломатиялық қатынасы нәтижесінде тұтқын алмасуы шеңберінде Түркияға әкелінген «Азов» қолбасшылары туыс-тамырларына қауышты.

Украиналық қолбасшылар Стамбулда отбасыларымен бас қосты.

Кездесуге ресми байланыстар аясында аптаның соңында Түркияға келген Украина президенті Владимир Зеленскийдің жұбайы Елена Зеленска да куә болды.

Елена Зеленска әлеуметтік желідегі Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламасында «Түркияда «Азов» батырларымен бас қостық. Күш-жігерлері мен төзімділікке ризашылығымызды білдірдік. Бүгін маңызды бір күн, бірақ әлі алда ұзақ жол бар. Украина бостандық пен барша үйіне қайтсын деп күреседі» деді.

Украина президенті Владимир Зеленский болса Ресеймен тұтқын алмасу нәтижесінде Түркияға әкелінген украин сарбаздардың президент Режеп Тайып Ердоғанның қамқоршылығымен қауіпсіз ортада жүргенін айтты.

Зеленский «Олар Түркия президенті Ердоғанның кепілгерлігінде толығымен қауіпсіз. Қолайлы жағдай жасалып, енді туған-туыстарын көретін болды. Бір-бірін айлар бойы көрмеді, олардың отбасыларымен бірге болуына жағдай жасаған баршаға алғыс айтқым келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар