7 террорист залалсыздандырылды

Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық  аймағында PKK/YPG-ден 7 террорист залалсыздандырылды.

1887991
7 террорист залалсыздандырылды

Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық  аймағына шабуыл жасамақ болған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ден 7 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде «Біз террористерді өздері қазған шұңқырларға көмуді жалғастырамыз. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағына шабуыл жасауға әрекеттенген 7 PKK/YPG террористі Түрік Қарулы Күштеріміз тарапынан залалсыздандырылды» делінді.

Сиирттің Первари ауданының ауылында бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 3 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде «Ерен Аблука күз-қыс 1 шәйіті Жандармерия лейтенанты Исмаил Джан Акдениз» операциясы аясында  Сииртте бөлшектеуші террор ұйымы мүшесі  3 террористтің залалсыздандырылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде аймақтағы операциялардың жалғасып жатқаны атап өтілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі Метина аймағында анықталған PKK-лық тағы 2 террористтің Түрік Қарулы Күштері тарапынан залалсыздандырылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар