Түркия делегациясы Ливияға барады

Түркиядан жоғары деңгейдегі делегация Ливияға ресми сапармен барады.

1887424
Түркия делегациясы Ливияға барады

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде президент Режеп Тайып Ердоғанның бұйрығымен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Сауда министрі Мехмет Муш, Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун және  Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калыннан құралған делегацияның бүгін Ливияға  баратыны айтылды.

Мәлімдемеде «Сапар барысында Ливиядағы саяси өтпелі үдеріс пен осы тұрғыдағы сайлауды талқылау, екіжақты қарым-қатынастарды, соның ішінде әскери дайындық саласындағы ынтымақтастықты қарастыру және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасу көзделіп отыр» делінген.



Ұқсас жаңалықтар