Ибрахим Калын мен Джейк Салливан бас қосты

Кездесуде Түркия-АҚШ саяси және экономикалық қарым-қатынастар қолға алынды.

1887489
Ибрахим Калын мен Джейк Салливан бас қосты

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Стамбулда АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливанмен кездесті.

Кездесуде Түркия-АҚШ саяси және экономикалық қарым-қатынастар, қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық салалары, 24 ақпан күні Ресей соғыс жариялаған Украинадағы жағдай, Швеция-Финляндияның НАТО-ға мүшелік процестері, Эгей теңізі мен Жерорта теңізіндегі оқиғалар және Кавказдың оңтүстігіндегі жаңалықтарға қоса аймақтық тақырыптар қолға алынды.

Екі ел арасында Стратегиялық тетіктің іске асырылуымен ортақ мүдделер негізінде ынтымақтастық салаларын арттыру тілге тиек етілді.

Түркияның F-16 әскери ұшақ сұранысына қатысты процестің аяқталуының екі елдің стратегиялық мүдделеріне қызмет ететіні баса айтылды.

Түркияның НАТО-дағы шешуші рөліне назар аударылған кездесуде серіктестерін ортақ қауіпсіздік тәуекелдері мен барлық террорлық қауіп-қатерлерге қарсы келісім және ынтымақпен әрекет етуі керектігі баса айтылды.

Эгей теңізі мен Жерорта теңізі тақырыптарында Түркияның өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудан тартынбайтыны баса айтылып, Грекияның халықаралық заңдарға қайшы және шабуылдаушы әрекеттерінің қабылданбайтынын атап көрсетілді.

Жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін Украинадағы оқиғалардың халықаралық құқық негізінде дереу тоқтату үшін дипломатиялық күш салудың маңыздылығына назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар