Ердоған Дүниежізілік Көшпенділер ойынында сөз сөйледі

Ердоған Изниктегі Дүниежүзілік көшпенді ойынының ашылу салтанатына қатысты.

1886537
Ердоған Дүниежізілік Көшпенділер ойынында сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған «Біз адамзаттың мыңдаған жылдарға ие көшпелі мәдениетінің жойылып кетуіне келісе алмаймыз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Изниктегі Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының ашылу салтанатына қатысты.

Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының 2014, 2016 және 2018 жылдары Қырғызстанда өткенін түсіндірген Ердоған жаңа типтегі коронавирус індетіне байланысты 2020 жылы кейінге қалдырылған ойындардың төртіншісінің әр бұрышы тарих, мәдениет және табиғат аңқып тұрған Изникте басталғанын баяндады.

Көшпелі мәдениеттің өте көне екеніне назар аударған Ердоған «Мыңдаған жылдар бойы адамзат қоғамдары әртүрлі себептермен өз орындарын тастап, басқа географияларда жаңа өмір сүру кеңістігін іздеді. Сол сияқты белгілі бір географияда үнемі немесе жыл мезгілдеріне қарай орындарын ауыстырып өмір сүретін қауымдар бар. Осы ұзақ сапарларда кездескен адам қауымдары бір-біріне әсер етті. Бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникация құралдары әлемді шағын ауылға айналдырғанымен, көшпенділер әлі де мәдениет пен адамдар арасындағы қарым-қатынастың ең тиімді тасымалдаушысы болып табылады» деген сөздер қолданды.

Президент Ердоған адамзаттың мыңдаған жылдар тарихына ізін қалдырған бұл мәдениеттің жойылып кетуіне келісе алмайтындарын білдірді.

Президент Ердоған «Сондақтан біз әрі Дүниежүзілік Көшпенділер ойынымен, әрі басқа да осыған ұқсас іс-шаралар арқылы көшпелі мәдениеттің түрлі қырларымен  құндылықтың жалғастырудың үлкен пайдасын көреміз. Көшпенді ойындарын дүние жүзіне таратқан бұл іс-шаралар да  адамзаттың көне мұрасын келешек ұрпаққа қалдыру миссиясымен маңызды деп есептеймін» деп көрсетті.

Президент Ердоған 4-ші Дүниежүзілік көшпенді ойыны аясында Изникке келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Эрсин Татар және Қазақстан Парламентінің төрағасы Ерлан Кошановпен кездесті.



Ұқсас жаңалықтар