ҰҚК президент Ердоған басшылығында жиналды

Жиналыстың артынан мәлімдеме жасалды.

1886003
ҰҚК президент Ердоған басшылығында жиналды

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК) Түркияның құқықтары мен мүдделерінің заң аясында қорғалатынын мәлімдеді.

ҰҚК президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында Анкарада жиналды.

Кездесуден кейін жарияланған мәлімдемеде Грекияның соңғы кездері артқан арандатушылық әрекеттерінің талқыланғаны атап өтілді.

Декларация «Грекияның пайдасыз әрекеттеріне қарсы ұлтымыздың мүддесін қорғау үшін барлық заңды әдістер мен құралдарды қолданудан тартынбайтынымыз баса айтылды. Әскери мәртебесі жоқ аралдарды қаруландыру тақырыбында  Грекияны ынталандыратындар парасаттылыққа шақырылды» делінді.

АҚШ-тың Кипрдің оңтүстігінде қару эмбаргосын жою шешіміне де сілтеме жасалған мәлімдемеде, «Одақтастық рухына қайшы келетін бұл шешімді өзгертуге шақыру жасалды. Кипр түріктерінің құқықтарын қорғау іс-шараларының табандылықпен жалғасатыны баса айтылып, барлық елдер Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) тәуелсіздігін тануға шақырылды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар