Мұстафа Шентоп Венгрияда

Мұстафа Шентоп Венгриядағы Түрік шейіттігіне барды.

1885997
Мұстафа Шентоп Венгрияда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Венгриядағы Түрік шейіттігіне барды.

Ресми сапары аясында бас қала Будапештте болған Мұстафа Шентоп осында Түрік шейіттігіне барып, Бірінші дүниежүзілік соғыс Галисия майданы Шейіттері ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Түркия мен Венгрияның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Шентоп сарбаздар қабіріне гүл шоқтарын, дұға оқыды. Шейіттік кітабына қол таңбасын қалдырды.

Мұстафа Шентоп кейін Венгрия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Ласло Ковермен кездесті. Одақ кейін ортақ баспасөз жиналысын ұйымдастырды.

Кездесуде екі ел және парламенттер арасындағы қарым-қатынастарды бағалағандарын айтқан Шентоп «Түркия мен Венгрия үкіметтері арасында саясат, экономика және сауда тұрғысынан ерекше жақсы үдеріс бар» деді.

Шентоп Ресей-Украина соғысына байланысты аймақта энергетика және көші-қон саласында дағдарыс болғанына тоқталып, әріптесі Ковермен осы мәселелерді талқылағандарын білдірді.

Ласло Ковер болса екі ел арасындағы қарым-қатынастың өте жақсы екенін айтып, өткен жылы саудада рекорд жаңарғанын айтты.

Ковер Венгрия ретінде Түркияның иммиграция және энергия қауіпсіздігіне қатысты қадамдарын қолдайтындарын білдірді.

Түркияның Ресей-Украина соғысында (астық дәлізін құру арқылы) арадағы болуы мүмкін азық-түлік дағдарысының алдын алғанын айтқан Ласло Ковер Түркияның Еуропа Одағы мүшелігін қолдайтындарын да білдірді.



Ұқсас жаңалықтар