Ердоған Путинмен телефонда сөйлеседі

Президент Ердоған орыс әріптесі Путинмен телефон арқылы сөйлесетінін мәлімдеді.

1886458
Ердоған Путинмен телефонда сөйлеседі

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлеседі.

Президент Ердоған Түрік Кәсіпкерлер және қолөнершілер конфедерациясының 21-ші кезекті бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Еуропаның қазіргі таңдағы ең маңызды күн тәртібінің жақындап келе жатқан қысқы маусымды ең аз шығынмен өткізу екенін білдірді.

Ердоған «Еуропа елдері қазір не істейміз, биылғы қыстан қалай шығамыз деп ойлап жатыр. Бірақ Түркияның мұндай проблемасы бар ма? Жоқ» деді.

Түркия ретінде бұл мәселелі кезеңге тыныш кіргендерін атап өткен Ердоған «Бүгін кешке біз (Ресей президенті Владимир) Путин мырзамен сөйлесеміз. Украинамен қиындықтарды бағалауға мүмкіндік болады. Күтпеген бір жағдай болмаса, біз әлемнің көптеген елдерімен салыстырғанда қыс айларын қиналмастан өткіземіз. Түрік экономика моделінің қосқан үлесімен күшейеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар