Президент Ердоған Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Басшылар Ресей-Украина соғысына қатысты соңғы жаңалықтарды талқылады.

1885821
Президент Ердоған Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Президент жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда кездесуде 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына қатысты жаңалықтар талқыланды.

Әңгіме барысында президент Ердоған Ресей мен Украина арасында ұзақ уақыт жұмыс істеп келе жатқан тұтқын алмасу процесінің сәтті аяқталуына риза екенін атап көрсетті.

Украин дәнді дақылын Қаратеңіз арқылы экспорттау келісімінің жұмыс істеп жатқанын атап көрсеткен Ердоған осындай тәсілдің Запорожье Атом электр стансасы аясында да қабылдануы мүмкін екенін, электр стансасының айналасында әскерден тазаланған аймақ құру үшін қажетті делдалдық ұсынысының маңызды екенін мәлімдеді.

Украинаның кейбір аймақтарында Ресей бақылауында біржақты референдум өткізудің дипломатиялық процесті жандандыру талпыныстарын қиындататынын атап көрсеткен президент Ердоған соғыстың бейбіт келіссөздер арқылы шешілуіне қажетті үлесті қосуға дайын екендіктерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар