Түркия әл-Акса мешітіне жасалған шабуылды айыптады

ТР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

1884930
Түркия әл-Акса мешітіне жасалған шабуылды айыптады

Түркия басқыншылық астындағы Иерусалимнің шығысындағы әл-Акса мешітіне радикалды израильдіктер жасаған шабуылды айыптады.

ТР Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Радикалды израильдік топтардың Израиль қауіпсіздік күштерінің қорғауымен басып алынған Иерусалимнің шығысындағы әл-Акса мешітіне шабуылын айыптай отырып, қабылдамаймыз» делінді.

Мәлімдемеде «Израиль билігін әл-Акса мешітінің қасиеттілігі мен халықаралық құқығын бұзатын бұл әрекеттерге жол берілмеуі және шиеленістің ушығуына жол бермеу үшін дереу қажетті шараларды қабылдауға шақырамыз» делінді.

Фанатикалық еврей қоныстанушылар еврей күнтізбесі бойынша жылдың бірінші күні «Рош ха-Шана» мерекесіне орай кеше азанғы уақытта әл-Акса мешітіне басып кірген, Израиль полициясы басқынға наразылық көрсеткен палестиналықтарға қарсы операция жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар