Террор ұйымының шабуылында бір полиция қызметкері шейіт болды

Екі террорист залалсыздандырылды.

1884867
Террор ұйымының шабуылында бір полиция қызметкері шейіт болды

ТР Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Мерсинде полиция бөлімшесіне жасалған лаңкестік шабуылда бір полиция қызметкерінің шейіт болғанын, тағы бір полиция қызметкерінің жараланғанын хабарлады.

Сүлейман Сойлу шабуылға ұшыраған полиция бөлімшесіне барып ақпарат алды.

Министр артынан сепаратистік террор ұйымы PKK ұйымдастырған шабуылда бір полиция қызметкерінің шейіт болғанын, бір полиция қызметкерінің жараланғанын хабарлады.

Осы арада Ішкі істер министрлігі полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған сепаратистік террор ұйымы PKK мүшесі 2 террористтің бірінің «Зозан Толан» код атымен Дилшах Ержан екенін жариялады.

Министрлік кеше Түркия уақытымен сағат 22:45 шамасында Мерсиннің Мезитли ауданындағы полиция бөлімшесіне 2 террорист әйелдің шабуыл жасағанын және осы 2 террористтің залалсыздандырылғанын еске салды.

Террористтердің бірінің кім екені анықталды.



Ұқсас жаңалықтар