Ердоған "Грекия біздің теңіміз емес" деді

Президент Грекияның саясатына наразылық білдірді.

1885104
Ердоған "Грекия біздің теңіміз емес" деді

Президент Режеп Тайып Ердоған «Грекияға қарсы еліміздің құқықтары мен мүдделерін қолымыздағы барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып қорғаудан бас тартпаймыз» деді.

Президент Ердоған Президенттік кешендегі Министрлер кабинеті отырысынан кейін халыққа үндеу жасады.

«Біз арандатушылықтың иісі аңқып тұрған Грекияның саясатын көріп отырмыз» деген Ердоған «Біз грек саясаткерлерін арандатып, бізге айтақтап отырғандардың шын ниеті біздің ұлы және қуатты Түркияны құру жоспарымызға кедергі жасау екенін де жақсы білеміз» деді. «Грекияның келесі ширек ғасырын кепілге алатын және міндетті түрде құны төленетін экономикалық және саяси келісімдер бізге емес, негізінде грек халқына қауіп төндіреді. Түркия ретінде біз бұл фильмді бұдан бұрын көріп, шешіп, сол дәптердің бетін жауып, өзімізге жаңа жол айқындап алдық. Енді көрші ретінде біз Грекияның дәл осындай апатқа ұшырауына шын жүректен қиналамыз» деді ол.

Ердоған Грекияның түкпір-түкпіріндегі басып кіру  секілді көрінген шетелдік әскери күштер жиынтығының Түркияны емес,  грек халқын алаңдатуы керек екенін атап көрсетті.

«Бұл әскери күштер де, саяси және экономикалық қолдаулар да Грекияны біздің деңгейге көтеру үшін жеткіліксіз, бірақ Грекияны батпаққа сүйреп апаруға жеткілікті. Грекияға қарсы еліміздің құқықтары мен мүдделерін қолымыздағы барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып  қорғаудан бас тартпаймыз” деді президент.



Ұқсас жаңалықтар