Боздагтан Швеция мен Финляндияға шақыру

Бекир Боздаг кеше Президенттік сарайда өткен Министрлер кабинеті жиналысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1885148
Боздагтан Швеция мен Финляндияға шақыру

Әділет министрі Бекир Боздаг Швеция мен Финляндияны НАТО келісімі аясында Фетуллахшы террор ұйымы (ФЕТО) мен бөлшектеуші террор ұйымы ПКК мүшелерін Түркияға тапсырып беруге шақырды.

Бекир Боздаг кеше Президенттік сарайда өткен Министрлер кабинеті жиналысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Швеция мен Финляндияның 28 маусымда Испанияның Мадрид қаласында жасалған НАТО келісімі аясында ФЕТО және ПКК мүшелерін Түркияға қайтаруын күтеміз» деген Боздаг бұл тақырыпта екі елмен келіссөздердің жеделдегенін айтты.

Министр Боздаг Швеция Әділет министрлігінен бір делегацияның 5-6 қазан күндері Түркияға келетінін және тапсырып беру туралы келіссөздер жүргізетіндерін білдірді.

«Біз Швеция билігінен террористерді, әсіресе PKK, ФЕТО, DHKP-C мүшелерін тапсырып берулері туралы шешім  қабылдауын күтеміз» деді Министр Боздаг.

Сыртқы істер министрлігінен бір делегацияның Финляндияға аттанатынын жариялаған Әділет министрі ФЕТО мүшелерін тапсырып беруге байланысты Америка Құрама Штаттарымен де ұқсас процестің жалғасып жатқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар