Хулуси Акар Грекияға қатаң жауап берді

Хулуси Акар: "Егер олар осы ойларынан жазбаса, жүзуді білу пайдаларына жарайтын сияқты."

1884015
Хулуси Акар Грекияға қатаң жауап берді

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Грекияның Қорғаныс министрі Никос Панагиотопулостың Мейс аралындағы сөздеріне наразылық көрсетті.

          Хулуси Акар: "Егер олар осы ойларынан жазбаса, жүзуді білу пайдаларына жарайтын сияқты."

АҚШ-қа сапарлай барған президент Режеп Тайып Ердоғанның делегациясына қатысқан Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Нью-Йорктағы Түрік үйінде Хүрриет газетінің бас редакторы Ахмет Хаканның сұрақтарына жауап берді.  

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мәлімдемесінде Панагиотопулостың  Анталияның  Каш ауданына нұсқап: «Не деп отырсыз? Теңізге секіріп, қарсы жағаға жүзіп өтейін бе? Бар болғаны 2 миль ғана... Көрейік не болатынын?» деген сөзіне былай деп жауап қайтарды:

«Жарайсың, олардың соңғы кездегі арандатушылық әрекеттеріне қарап, біз олар жүзуді ұмытып кетті деп ойлаған едік. Егер олар осы ойларынан жазбаса, жүзуді білу пайдаларына жарайтын сияқты. Біздің барлық ізгі ниетті әрекеттерімізге қарамай, кейбір грек саясаткерлері арандатушылық әрекеттер мен айтақтаушы сөздерін жалғастыруда. Грекия Түркияны қаралау үшін түрлі айлаларға басуда. Олар ақылмен, қисынмен және заңмен түсіндірілмейтін негізсіз жаламен өздерін күлкілі күйге түсіріп отыр.»

Түркияның Грекияны проблемаларды шешу үшін келіссөздер жүргізуге табанды түрде шақырғанына қарамастан олардың диалогтан қашып отырғанын айтқан министр Акар:

"Олар әрі келісімнен қашады, әрі Түркия диалогтан қашатын тарап деп өтірік айтады. Біздің қолымыздан келетін мәселелер туралы Түркияны НАТО, Еуропа Одағы, Америка Құрама Штаттары (АҚШ) сияқты үшінші тараптарға  үнемі шағымданады. Екі ел арасындағы мәселелерді Түркия-НАТО, Түркия-Еуропа Одағы,  Түркия-Америка Құрама Штаттары мәселес іне айналдыруға талпынуда" деп көрсетті.

      "Бұл жағдай бізге заңды қорғау құқығын береді және аралдардың егемендігін талас-тартысқа салады"

Грецияның әскери емес мәртебегі аралдарды қаруландыруына да тоқталған Акар: "Бұл жағдай бізге заңды қорғау құқығын береді және аралдардың егемендігін талас-тартысқа салады" деді. 

Хулуси Акар Түркияның мақсаты Эгей теңізінің бейбітшілік пен тұрақтылық үшін бейбітшілік пен достық теңізі болуы және барлық байлықты әділ түрде бөлісу екенін атап көрсетті.

"Алайда біз майданда және үстел басында барлық әділетсіз және заңсыз әрекеттерге қажетті жауапты бердік, алдағы уақытта да солай істейтінімізді білгендері жөн" деді министр Хулуси Акар.

 

 



Ұқсас жаңалықтар