Ердоған Путин мен Зеленскийге алғыс айтты

Джейк Салливан да Түркияға тұтқын алмасуына дәнекер болғаны үшін алғыс айтты.

1883035
Ердоған Путин мен Зеленскийге алғыс айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы дипломатиялық қатынастың нәтижесінде бүгін екі ел арасында 200 әскери тұтқын алмасылды.

Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) жасаған сапарына баға берген президент Ердоған Түркияның арағайындығымен жүзеге асырылған тұтқын алмасудың соғысты аяқтау жолындағы маңызды қадам екенін айтты.

Ердоған Ресей президенті Путин мен Украина президенті Зеленскийге тұтқындарды алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты. «Сондай-ақ осы процеске күш салған барлық достарыма алғыс айтқым келеді» деді ол.

Бір жақтан АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливан Түркияға Украина мен Ресей арасындағы соғыс тұтқындарының алмасуына дәнекер болғаны үшін алғыс айтты. Салливан Twitter-дегі парақшасында мәлімдеме жасады. “Мен Түркия үкіметіне астық келісіміндегі көшбасшылығы, сондай-ақ Украина мен Ресей арасындағы тұтқын алмасудағы дәнекерлігі үшін алғыс айтамын” деп жазды ол.



Ұқсас жаңалықтар