АҚШ баспасөзі Ердоғанның дипломатиялық табысына назар аударды

Нью-Йорк Таймс газеті президент Ердоғанның БҰҰ-ның 77-ші Бас ассамблеясындағы баяндамасын бағалады.

1883117
АҚШ баспасөзі Ердоғанның дипломатиялық табысына назар аударды

АҚШ-тың маңызды басылымдарының бірі Нью-Йорк Таймс газеті президент Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 77-ші Бас Ассамблеясындағы баяндамасын бағалады.

Хабарда БҰҰ Бас ассамблеясында сөз сөйлеген көшбасшылар арасында президент Режеп Тайып Ердоған мен француз әріптесі Эммануэль Макронның Ресей-Украина дағдарысын шешу жолындағы талпыныстары ерекше көзге түскені айтылып талқыланған.

Президент Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің өткен аптада Өзбекстанда жүзеге асқан кездесуіне де сілтеме жасалған хабарда президент Ердоғанның ресейлік әріптесімен соғыс бойынша жақын қарым-қатынасын сақтап, соғыстың жаһандық салдарын азайтуға тырысқаны, өткен кездесуде болса Украина жерлерін қайтару қажеттігін атап өткені айтылды.

Президент Ердоғанның БҰҰ Бас Ассамблеясында «Соғыстың ешқашан жеңімпазы болмайды, деп ойлаймыз. Әділ бір бейбіт кезеңнің жеңілгендері болмайды. Бізге ақылға қонымды, әділ және өміршең дипломатиялық үдеріс арқылы дағдарыстан лайықты түрде шығу керек» деген сөзіне орын берілген хабарда «Ердоған (Украина) астық экспорты бойынша келіссөздерде маңызды рөл атқарды» деген көзқарасқа орын берілді.

Хабарда президент Ердоғанның дипломатиялық талпыныстары мен табыстарына назар аударылса, Путинмен айлар бойы байланысқа шыққанын, бірақ табысқа жете алмағаны атап көрсетілген Макрон болса «Бейбітшілікте рөл атқаратынын алға тартқан батыс одағының бір өкілі» деп бағаланды.



Ұқсас жаңалықтар