Ердоған көшбасшылармен кездесулерін жалғастыруда

Президент Режеп Тайып Ердоған Иорданияның королі ІІ-Абдулламен кездесті.

1882609
Ердоған көшбасшылармен кездесулерін жалғастыруда

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 77-ші Бас ассамблеясына қатысу үшін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына барған президент Ердоған байланыстарын жалғастыруда.

БҰҰ штаб-пәтерінде үн қатқан Ердоған кейін БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттерреш, Финляндия президенті Саули Ниинисто және Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті.

Ердоған сондай-ақ Испания премьер-министрі Педро Санчес, Катар Әмірі Шейх Темим ибн-Хамед Әл-Сани, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёл, Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасина Веджидпен де әңгімелесті.

Президент Ердоған Юн Сук Ёлды еліне шақырған бойда Оңтүстік Кореяға сапар жоспарлағанын айтып, «Кездесуіміз керек, жасалатын жұмысымыз көп» деді.

Ердоғанның Қазақстан президенті Тоқаевпен сұхбатына БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш те еріп жүрді.

Осы жерден Ердоған Иордания королі ІІ-Абдалламен бірге «Туркеви» ғимаратына жаяу барды.

Президент Ердоған осында Иордания королі II-Абдалламен кездесті.

Одан кейін Ердоған Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) төрағасы Джанни Инфантиномен кездесіп, артынан Израиль премьер-министрі Яир Лапид және Жапония премьер-министрі Кишида Фумионы қабылдады.

Жапония Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда кездесу барысында Кишида Ресейдің Украинада жалғасып жатқан шабуылдары «халықаралық тәртіптің іргетасын шайқаған зорлық-зомбылық әрекеттері» деп

Кишида шабуылға ұшыраған Украинадан дәнді дақыл экспортының жалғасуында Түркияның белсендің рөлі мен «сабырлы дипломатиялық күш-жігерін» жоғары бағалағандарын айтты.

Кездесу барысында екі ел басшылары өзара экономикалық серітестік туралы келісімді тез арада жасау үшін келіссөздерді жеделдету туралы келісті.

Кездесулер баспасөзге жабық түрде өтті.

Президент Украина президенті Владимир Зеленскиймен болса телефон арқылы сөйлесті.

Кездесуден кейін әлеуметтік желідегі аккаунтынан мәлімдеме жасаған Зеленский «Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлестік. Қазіргі қауіпсіздік мәселелері талқыланды» деді.



Ұқсас жаңалықтар