"Игілік пойызы" Пәкістанға жетті

Президент Режеп Тайып Ердоғанның бұйрығымен гуманитарлық жәрдем материалдарын тасымалдаған 14 ұшақ пен игілік пойызы Пәкістанға жолданды.

1881885
"Игілік пойызы" Пәкістанға жетті
Turkiye iyilik treni pakistan.jpg
Turkiye iyilik treni pakistan1.jpg

Түркияның алғашқы игілік пойызындағы жәрдем материалдары Пәкістанға жеткізілді.

Апат және Төтенше жағдайларды басқару ұйымының үйлестіруімен бас қосқан азаматтық ұйымдардың қолдауымен астана Анкарадан жолға шыққан алғашқы "Игілік пойызындағы" жәрдем материалдары үшін  Белуджистан уәлаятының Куетта қаласындағы Пәкістанның Табиғи апаттарды басқару жөніндегі ұлттық агенттігініңқоймасында салтанатты шара өткізілді.

Рәсімге Белуджистан уәлаятының әкімі Мұхаммед Жан Жемали, Түркияның Пәкістандағы елшісі Мехмет Пачажы, Апат және Төтенше жағдайларды басқару ұйымы мен Қызыл жарты ай қоғамының басшылары және қонақтар қатысты.

Белуджистан уәлаятының әкімі Мұхаммед Жан Жемали Түркияның әрқашан Пәкістанның қасында болғанын айтты.

Мұхаммед Жан Жемали Мехмет Пачажының Белуджистанға келген тұңғыш Түркия елшісі екенін айтып, Түркияға алғысын жеткізді.

Елші Мехмет Пачажы  Пәкістандағы табиғи апатың ауыр зиян салғанын айтып, Апат және Төтенше жағдайларды басқару ұйымы, Қызыл жарты ай қоғамы  және азаматтық ұйымдарымен бірге Түркияның пәкістандық бауырластары үшін жәрдемге дайын тұрғанын білдірді.

Елші  сел апатымен күрескен Пәкістанға президент Режеп Тайып Ердоғанның бұйрығымен гуманитарлық жәрдем материалдарын тасымалдаған 14 ұшақтың және игілік пойызының жолданғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар