Ердоған кең көлемді сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған «Біз шығыста да, батыста да емес, әлемнің бір бөлігіміз» деді.

1881973
Ердоған кең көлемді сұхбат берді

Президент Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының  77-ші Жалпы кеңесі үшін барған Нью-Йоркте Американың «PBS» арнасының қонағы ретінде сыртқы саясат және дүниежүзілік күн тәртібіне қатысты баға берді.

«Сіз де Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) кіру ниетіңіз бар. Бұл ұйымда Ресей, Қытай, Иран бар. Бұл НАТО-дан мүлде басқа құндылықтары мен мақсаттары бар ұйым. Еліңіздің шығыстың бір бөлігі болғанын қалайсыз ба, әлде батыстың бір бөлігі болғанын қалайсыз ба?» деген сұраққа Ердоған былай деп жауап берді. «Біз әлемнің бір бөлігіміз; шығыста да, батыста да емес.  Біз үшін географиялық жағынан еліміздің үлкен бөлігі шығысқа жатады. Батыс бөлігі бөлек. Бірақ Еуропалық Одақ бізді 52 жыл бойы бос күттірді. Алайда біз НАТО еліміз. Біз НАТО елі болғанның өзінде НАТО елдері  бізді Еуропалық Одақ процесінде кешіктіруде. Бұндай жағдайда еріксіз әртүрлі ізденістерге кірісуге тура келеді. Еуропалық Одақ бізді 52 жыл бойы күттірді, оған жақындауға мүмкіндік бермейді, содан кейін «Неге мұнда кездесті? неге бұл жермен кездесті?» дейді. Кездесеміз. Біз кездесу жүргізіп жатқанда де біз Еуропалық Одақ алдында бұл жайлы есеп бермейміз. Біз әлемнің барлық елдерімен кездесеміз. Мен (Қытай мемлекет басшысы) Си (Цзиньпин) мырзамен, (Ресей Президенті Владимир) Путин мырзамен және (Үндістан Премьер-Министрі Нарендра) Моди мырзамен де кездесемін. Мен барлық елдердің басшыларымен кездесемін. Өйткені бәріміз осы әлемнің бір бөлігіміз. Біз Еуропалық Одаққа мүше елдермен кездесулер өткізген кезде «Олармен неге кездестіңіз?» деп сұрамайды. Ондай сұрақ болған жоқ».



Ұқсас жаңалықтар