Анталияда 300 босқын құтқарылды

Жағалау Қауіпсіздік қолбасшылығы Анталияның Каш ауданында 300 босқынды құтқарды.

1882227
Анталияда 300 босқын құтқарылды

Анталияның Каш ауданында бір қайықпен шұғыл шақыру жіберген 300 босқын құтқарылды.

Теңіз Істері бас басқармасының әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде кеше Солтүстік Кипр Түрік Республикасына жақын жерде орналасқан Бас іздеу және құтқару үйлестіру орталығына жолданған хабарда түрік іздеу-құтқару алаңында 300 босқын отырған 20 метрлік қайықтың "құтқару" шақыруын жібергені, оқиға болған аймаққа "PAOLO TOPIC" жүк кемесі жолданғаны білдірілді.

Шақыру хабары Жағалау Қауіпсіздік қолбасшылығы операция орталығына жеткізіліп, "PAOLO TOPIC" жүк кемесі Түркия уақытымен сағат 23.47-де көптеген босқынды құтқара бастады.

Орталықтан «Inmarsat C Telex» құрылғысынан кеме капитанына жағалау күзетінің қайықтарымен кездесу маршруты берілді.

Басқарманың хабарында «PAOLO TOPIC» кемесі 300 босқынды алып Жағалау Қауіпсіздік қолбасшылығы қайықтарымен кездесу бекетіне келгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар