Ердоған: «Біздің мақсатымыз – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толық мүшелік»

ШЫҰ Саммитіне қатысқан президент Ердоған ресми сапармен АҚШ-қа аттанды.

1881213
Ердоған: «Біздің мақсатымыз – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толық мүшелік»

Президент Режеп Тайып Ердоған нысаналарының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) толық мүшелік екенін атап көрсетті.

Өзбекстан сапарынан кейін АҚШ-қа бара жатып журналистердің сұрақтарына жауап қайтарған Президент Ердоған «Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев мырзаның шақыруымен ШЫҰ саммитіне алғаш рет «арнайы қонақ» ретінде қатыстым. Түркия 2012 жылдан бері Ұйымның «келіссөз серігі» болып табылады» деді.

Түркияның «Жаңадан Азия» бастамасы аясында континенттік елдермен екіжақты және көпжақты деңгейде ынтымақтастығын одан әрі дамытуға деген ерік-жігерін атап өткен Ердоған «Ұйым құрамында елімізбен ынтымақтастықтың одан әрі жетілдіру бағытында ниет пен ұстаным бар екенін қуана байқадық. Бұл Саммит еліміздің басымдықтарын атап өту және Ұйымға қатысты негізгі тақырыптарда қоса алатын үлесімізді білдірудің маңызды сәті болды» деді.

 «Біздің мақсатымыз – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толық мүшелік» деді президент.



Ұқсас жаңалықтар