Президент Ердоған Самаркандта көшбасшылармен кездесулерін жалғастыруда

Президент Ердоған Қытай, Моңғолия және Пәкістан басшыларымен бас қосты.

1880680
Президент Ердоған Самаркандта көшбасшылармен кездесулерін жалғастыруда

Президент Режеп Тайып Ердоған Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысу үшін барған Өзбекстанның Самарқанд қаласында Қытай Халық Республикасы мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен бас қосты.

Президент Ердоған мен Си Цзиньпиннің Өзбекстан президентінің жазғы сарайында баспасөзге жабық өткен кездесуі жарты сағатқа созылды.

Екіжақты кездесулері аясында Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен де кездескен Ердоған Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифті де қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар