Ердоған басқа басшылармен бірге ағаш отырғызды

Президент Режеп Тайып Ердоған Самарқандта өзге елдердің мемлекет басшыларымен бірге ағаш отырғызды.

1880593
Ердоған басқа басшылармен бірге ағаш отырғызды

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға барған президент Режеп Тайып Ердоған өзге елдердің мемлекет басшыларымен бірге ағаш отырғызды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен ШЫҰ саммитіне арнайы қонақ ретінде қатысу үшін Самарқандқа барған Ердоған бағдарламасы аясында саммит өтетін конгресс орталығына барды.

Ердоған басқа басшылармен бірге мұндағы ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

Президент Ердоған  одан кейін басқа басшылармен бірге жаңадан  салынған «Мәңгілік қала» бөлігін аралады.

Ердоған Ресей президенті Владимир Путин, Иран президенті Ибрагим Реиси, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Беларусь президенті Александр Лукашенко және басқа да басшылармен сөйлесті.



Ұқсас жаңалықтар