Ердоған мен Путин Самарқанд қаласында кездеседі

Юрий Ушаков Путиннің Өзбекстанның Самарқанд қаласында Ердоғанмен кездесетінін айтты.

1879561
Ердоған мен Путин Самарқанд қаласында кездеседі

Ресей президенттік сарайы Кремльдің Сыртқы саясат кеңесшісі Юрий Ушаков президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) саммиті аясындағы өткізетін кездесуінде эсіресе экономика сынды  маңызды тақырыптарды  талқылайтындарын айтты.

Юрий Ушаков журналистерге Владимир Путиннің Өзбекстанның Самарқанд қаласына 15-16 қыркүйекте өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саммитіне сапарына қатысты баға берді.

Ушаков саммит аясында Путиннің президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу өткізетінін айтты.

Ушаков «Көшбасшылар үнемі диалог ішінде. Әсіресе телефон арқылы сөйлесуде. Түркияның астық сияқты маңызды рөл ойнаған көптеген тақырыптар бар. Ердоған мен Путиннің кездесуінде көптеген мәселелер талқыланады. Самарқандтағы кездесудің маңызды бөлігі 5 шілдеде Сочиде келісімдердің жалғасы ретінде экономикалық тақырыпқа арналады» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар