Чавушоғлу Түркияның дипломатиялық жетістіктеріне тоқталды
Сыртқы істер министрі Чавушоғлу ел астанасы Анкарада Сыртқы істер министрлігінде дипломатия тілшілерімен кездесті.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысының аймақта бейбітшілікке апаратын жолдың Түркия арқылы өтетінін тағы бір рет баршаға көрсеткенін білдірді.
Министр Чавушоғлу ел астанасы Анкарада Сыртқы істер министрлігінде дипломатия тілшілерімен кездесті.
Чавушоғлу мұндағы сөзінде Түркияның соңғы кездегі дипломатиясының жоғары бағаланғанын атап өтіп, ең маңызды жұмыстың біреуінің астық келісімі екенін атап өтті. Министр Чавушоғлу Түркияның Финляндия мен Швецияның НАТО өтініштері аясындағы жетістіктері және Түрік мемлекеттері ұйымының дамуы екенін айтты.
Түркияның Ливиядағы қақтығыстарды тоқтатудағы рөлінің батыс елдерінің назарын аударғанын атап түсіндірген Чавушоғлу «Бұның өзі біздің елдің Ливияда жеткен жеңісінің көрсеткіші» деді.
Чавушоғлу Түркияның белсенді сыртқы саясаты арқасында Ресей-Украина соғысынан туындаған қиындықтарға қатысты нақты қадамдар жасалуы мүмкін екенін білдірді.
«Украина соғысы баршаға аймақтағы бейбітшілікке апаратын жолдың Түркия арқылы өтетінін тағы бір рет көрсетті» деген Чавушоғлу «Бұл жағдай Кавказ, Балқан, Таяу Шығыс және Африка сияқты көптеген географиялар үшін де күшіне ие» деген сөздер қолданлды.
Министр Чавушоғлу Әзербайжанның Кавказдағы табыстарын бейбіт үстелде нығайтқанын айтты.
Чавушоғлу Түркия, Әзербайжан және Өзбекстан арасындағы үштік механизмді жүзеге асырғандарын айтып, Әзербайжан және Қазақстанмен Орта дәлізді қайта жандандыруды қалайтындарын айтты.
Ұқсас жаңалықтар

Түркия Газада «Дала ауруханасын» құрады
Комитеттің қорытындысына байланысты аурухананы тез арада пайындап беру жоспарлануда.

Түркияға тағы бір науқас тобы келеді
Ертең Газа шекара қақпасынан тағы бір топ науқас Түркияға жеткізіледі.