Хулуси Акар Грекияға қатал наразылық көрсетті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Грекияның соңғы кездегі арандатушылықтарына қатаң наразылық білдірді.

1879238
Хулуси Акар Грекияға қатал наразылық көрсетті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси  Акар ел астанасы Анкарада өткен Малайзияның ұлттық күніне арналған қабылдаудан кейін мәлімдеме жасады.

Хулуси Акар «Біз (Грекияға) тарихтан сабақ алыңыздар дейміз. Кейбір ұшқары әрекеттерге кіріспеңіз. Кейбіреулер құлағыңызға бірдеңе айтуы мүмкін. Бұлардың жарамсыз екенін тарихта көрдіңіз. Айнаға қараса, олар шындықты көріп ұялатын шығар. Мұндай екіжүзділік, опасыздық болмайды» деген сөздер қолданды.

Грецияның арандатушылық әрекеттерінің артып келе жатқанына және ақырында Эгейдегі «Ро-Ро» кемесіне оқтың атылғанына байланысты Акар «Біздің барлық ізгі ниетпен талпыныстарымызға қарамастан, өкінішке орай көршіміз Грекия кейбір арандатушылық әрекеттермен  шиеленісті күшейтуді жалғастыруда. Біз мұның алдын алу үшін бар күшімізді саламыз» деп көрсетті.

Әуе күштері қолбасшылығының Жерорта теңізінің шығысы мен Эгейдегі жоспарлы ұлттық және НАТО іс-шараларының болғанын, сондай-ақ  халықаралық құқық және өзара келісімдер аясында әскери жатығулардың өткенін түсіндірген Акар «Біздің бұл әрекеттеріміз Ресей өнімі S-300 әуе қорғаныс жүйелерімен қудалануда және құлыптануда. Бұл дұшпандық ұстаным. Бұл қимыл одақтастыққа,  көршілестікке немесе бұрынғы келісімдерге үйлеспейді. Бұны қабылдай алмаймыз. Мұндай екіжүзділік, опасыздық болмайды. Біз әрқашан ауызша және жазбаша түрде айтып келеміз. Біз Түркияға қарсы осы әрекеттерді қадағалап отырмыз, олардың ешқайсысын жауапсыз қалдырмаймыз. Біз мұны бейбітшілік, тату көршілік қарым-қатынас, халықаралық құқық мәселелер бойынша ынтымақтастық жасағымыз келеді. Біз Эгей теңізінің бейбітшілік теңізі болғанын қалаймыз» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар