Ердоған ресми сапармен Балкан елдеріне барады

​​​​​​​Президент Режеп Тайып Ердоған 6-7-8 қыркүйекте Босния-Герцеговина, Сербия және Хорватияға ресми сапармен барады.

1876125
Ердоған ресми сапармен Балкан елдеріне барады

Президент Режеп Тайып Ердоған әріптестерінің шақыруымен 6-7-8 қыркүйекте Босния-Герцеговина, Сербия және Хорватияға ресми сапармен барады.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне қарағанда, кездесулерде үш елмен екіжақты қарым-қатынастар барлық аспектіде қарастырылады.

Түрлі салаларда бар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру үшін атқарылатын жұмыстар, әсіресе бірлескен инфрақұрылым және инвестициялық жобалар талқыланатын кездесулерде Балқандағы оқиғалар мен халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасылады. Бизнес форумдар үш елде де өтеді. Президент Ердоған Хорватияның Сисак қаласындағы Ислам мәдени орталығының ашылу салтанатына да қатысады.



Ұқсас жаңалықтар