Ердоған Балкан елдеріне барады

Президент Режеп Тайып Ердоған ертең Балкан елдеріне сапарлай барады.

1875627
Ердоған Балкан елдеріне барады

 

 

Президент Режеп Тайып Ердоған ертең Босния-Герцеговина, Сербия және Хорватияны қамтитын Балқан елдері турына шығады.

6-8 қыркүйек аралығында жасалатын сапарлардың күн тәртібі екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылық, сауда көлемін арттыруға бағытталған қадамдар болмақ.

Алғашқы аялдамасы Босния-Герцеговина болатын сапарда Ердоғанның бұрынғылар сияқты Президенттік кеңестің 3 мүшесімен кездесуі жоспарланған.

Кездесулерде Түркияның Балқандағы бейбітшіліктің жалғасуына барынша үлес қосуын жалғастыратыны хабарланады.

Президент Ердоғанның Балқан сапарының тағы бір маңызды күн тәртібі экономика болады және аймақ елдерімен қарым-қатынастарды жақсарту үшін жасалатын қадамдар бағаланады.

Ердоғанның сапары барысында маңызды екіжақты келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар