Алтун APA ақпараттық агенттігінің сауалдарына жауап қайтарды

Фахреттин Алтун Украина және Ресеймен жасалған астық делізі келісімін бағалады.

1874701
Алтун APA ақпараттық агенттігінің сауалдарына жауап қайтарды

Президент аппаратының жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахрнеттин Алтун 22 шілде күні Түркияның қонақжайлылығында Украина және Ресеймен жасалған астық делізі келісімі арқасында жаһандық азық-түлік дағдарысының алдын алғанын айтты.

Фахреттин Алтун орталығы Австриядағы «APA» ақпарат агенттігінің сұрақтарына жауап қайтарды.

Алтун Түркияның 24 ақпан күнінен бері бір-бірімен соғысып жатқан Ресей мен Украина арасында дипломатиялық және бейбіт шешім табу үшін жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Астық дәлізі келісіміне тоқталған Алтун «Осы уақытқа дейін мінсіз жұмыс істеген механизм бізді бұдан да ауқымды бастамаларды қолға алуға ынталандырады» деді.

Жаһандық оқиғалардың Түркия мен Еуроодақты жақындастырғанын атап көрсеткен Алтун «Осы үрдіспен Түркияның мүшелік келіссөздерінің қайтадан қарқын алуы таңқаларлық емес» деді.

Алтунға Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелікке өтініштері де сұралды.

Коммуникация басқармасы төрағасы екі мемлекеттің Түркияның қауіпсіздігіне қатысты шынайы көзқараста екендерін көргісі келетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар