Президент Ердоған Аныткабірге барды

Ердоған осында Анытқабир арнайы кітапшасына қол қойды.

1873781
Президент Ердоған Аныткабірге барды

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған бастаған мемлекеттік қайраткерлер 30 тамыз «Ұлы Жеңіс күні мен Түрік Қарулы Күштері күні» мерекесіне орай бас қала Анкарада Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткі мазары орналасқан Аныткабирге барды.

Ердоған осында Анытқабир арнайы кітапшасына қол қойды.

Президент Режеп Тайып Ердоған кітапшаға «Құрметті Ататүрік, даңқты тарихымыздың ең маңызды бетбұрыстарының бірі болған «Ұлы Жеңістің» 100 жылдығында қаруластарыңыз, Ұлы Ұлттық Мәжілістің құрметті мүшелері және шейіттерімізді құрметпен еске аламыз.

Қаһарман шейіттерімізден алған шабытпен Түркия Республикасын сіздер алдымызға салған мақсаттарыңыз бағытында алға жылжытып, оны әр салада, әсіресе экономика, қорғаныс және дипломатияда нығайтуды жалғастырамыз.

Дүниежүзілік індеттік дағдарысты зор ынтамен еңсерген еліміз өз аймағындағы шиеленістерді де сәтті басқарып, бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру жолында күллі әлем бағалаған дипломатиялық қадамдар жасауда.

Барған сайын күшейіп, өзіне деген сенімі жоғары, езілгендер үміт артқан Түркияның құрылысына үй иелерінің қастандықтары да, қанды террор ұйымдарының шабуылдары да тосқауыл бола алмайды. Алланың рақымын тілеймін!»

Президент кейін Мемлекеттік зиратқа барды.



Ұқсас жаңалықтар