«Түркия Ғарыш лагерінің» жазғы бағдарламасы аяқталды
22-ші жылын толтырған лагерьге осы уақытқа дейін 60-қа жуық елден 260 мың адам келді.
«Түркия Ғарыш лагері» жазғы лагерь бағдарламаларында 25 елден келген 700-ден астам адамды қонақ қылды.
Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Ғарыш ғылымдары көрме комиссиясының лицензиясына ие екі ғарыш лагерінің бірі- Измирдің Газиемир ауданындағы лагерь АҚШ-тан Еуропа елдеріне, Таяу Шығыстан Азияға дейін әртүрлі географиялардағы ғарышқа әуесқой балаларды, жастарды және ересектерді қарсы алады.
22-ші жылын толтырған лагерьге осы уақытқа дейін 60-қа жуық елден 260 мың адам келді.
Лагерьде ғарыш туралы теориялық мағлұмат беріледі, артынан қатысушылар Жердегі тартылыс күшінен тартылыс күші аз Айда симулиятор арқылы серуендейді.
Лагерьге қатысушылары 1 сағаттық виртуалды ғарыштық ұшу миссиясына да қатысады.
Лагерь 5 жастан үлкендер үшін әртүрлі мазмұндағы бағдарламаларды ұсынады. Бір күндік бағдарламалардан басқа 2, 5 және 6 күндік бағдарламалар да бар.
Жазғы маусым бағдарламасы осы аптада аяқталады. Лагерьде әртүрлі елден келген балалар бір-бірімен достасып кетеді.
Болгарияда тұратын 12 жастағы Сияна Костадинова лагерьдің қызықты өткенін айтты. «Мен жұлдыздар мен планеталарға өте қызығамын. Бір күні мен оларды тауып, ғарышқа шыға аламын деп үміттенемін» деді ол.
Румыниялық 13 жастағы Алексия Елена Алана да планеталарға, әсіресе Марсқа қызығатынын айтты. «Менің командамда әртүрлі елдерден достарым бар. Олармен бір командада болғаныма қуанамын. Мен бұл лагерьді барлығына кеңес беремін» деді ол.