PKK/YPG террор ұйымы Қарқамышты минометпен атқылады

Газиантеп губернаторы Давут Гүл мәлімдеме жасады.

1868560
PKK/YPG террор ұйымы Қарқамышты минометпен атқылады
karkamis havan mermisi.jpg
karkamis havan mermisi1.jpg

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG Газиантеп қаласының Каркамыш ауданына 4 минометпен атысты. Түрік Қарулы күштері шабуылды тойтарды.

Евфрат өзенінің шығысындағы террор ұйымының бақылауындағы аймақтардан атылған 4 миномет оғы Каркамыш ауданындағы тегіс алаңға құлады.

Қауіпсіздік күштері миномет оғы құлаған аумақты қоршаға алып, тергеуді бастады.

Газиантеп губернаторы Давут Гүл әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада террор ұйымының Каркамыш ауданына минометпен шабуылдағанын атап, «Өлі немесе жараланған ешкім жоқ. Шабуылға дәл кезінде еселеп жауап қайтарылды» деді.

Шабуылдың артынан өзін-өзі қорғау құқығы аясында қарсы шабуыл жасалды.

Атыстардан кейін Газиантептің Каркамыш ауданының шығысында орналасқан Айн-әл-Арабтың батысында кейбір террор ұйымы мүшелері қоныстанған аймақтардан түтін шыға бастады. Түрік қарулы күштері тарапынан аймақтың атқылауына байланысты кейбір террористік нысаналардан жалын көтерілді.



Ұқсас жаңалықтар