Малайзия королі Түркияға ресми сапармен келеді

Сұлтан Абдулла Шахтың сапары 30 жылға жуық уақыттан кейін Малайзиядан мемлекеттік басшы деңгейінде Түркияға жасалған алғашқы сапар болады.

1867745
Малайзия королі Түркияға ресми сапармен келеді

Малайзия королі Сұлтан Абдулла Ри'аятуддин Эль Мустафа Биллах Шах президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға ресми сапармен келеді.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, «Жоғары деңгейдегі байланыстар Малайзиямен достық, өзара сенім және халықтардың игілігі негізінде дамып келе жатқан қарым-қатынастар аясында қарқын алды».

Осы аяда Малайзия премьер-министрі Исмаил Сабри Якуб шілде айында Түркияға келді және осы орайда екі ел арасындағы қарым-қатынастар «Жан-жақты стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтерілді.

Сұлтан Абдулла Шахтың бүгін патшайым Тунку Азиза Амина Маймунах Искандариямен бірге басталатын сапары 30 жылға жуық уақыттан кейін Малайзиядан мемлекеттік басшы деңгейінде Түркияға жасалған алғашқы сапар болады.



Ұқсас жаңалықтар