Ердоған партиясының қалалық филиал басшылары жиналысына қатысты

Ердоған: "Бүгінгі күні даму және гуманитарлық көмек жағынан әлемге үлгі болатын бір Түркия бар".

1868063
Ердоған партиясының қалалық филиал басшылары жиналысына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған «Бүгін ұлттық мүдделерін БҰҰ мен НАТО-ға қоса әр ортада қорықпай қорғап, нәтиже алатын дипломатиясымен ықпалды бір Түркия бар» деді.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған Анкарада партиясының  қалалық филиал басшылары жиналысына қатысты.

Президент Түркияның ең қиын жағдайдың өзінде өсу процесін жалғастырғанын атап, «Бүгінгі күні даму және гуманитарлық көмек жағынан әлемге үлгі болатын бір Түркия бар. Бүгін өз ұлттық қауіпсіздігі үшін ел көлемі мен шетелде ешкімнің разылығын алмастан операция жүргізетін армиясымен мықты бір Түркия бар. Бүгін білімнен энергетикаға, көліктен денсаулыққа, қорғаныс өнеркәсібінен технологияға дейін тарихқа із қалдыратын, дастандар жазған, қызғанышпен соңынан еретін Түркия бар. Бұл табыстардың баршамызға тиесілі екені сөзсіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар