Артемида храмының Түркияда екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 50

1867727
Артемида храмының Түркияда екенін білетін бе едіңіз?

Әлемнің жеті кереметінің бірі Артемида храмының Түркияның Эфес ежелгі қаласында екенін білетін бе едіңіз?

Измирдің Селчук ауданының шекарасында орналасқан Эфес - әлемнің алғаш елді мекендерінің бірі. Тарихы б.з.д. 8000 жылдарға дейін созылған ежелгі Эфес қаласы маңызды сауда жолдары бойында орналасқандықтан тарих бойы көптеген өркениеттердің орталығы болған. Эллиндік дәуір, Рим империясы, Византия империясы, Осман империясы сияқты әртүрлі өркениеттердің куәсі болған қала ғасырлар бойы үздіксіз тұрғын аймағы, саяси және сауда орталығы ерекшелігін сақтап қалды.

Керемет дизайнымен тарихтағы ең үлкен храмдары арасында орын алған және әлемнің жеті кереметінің бірі болып қабылданатын Артемида ғибадатханасы Эфес ежелгі қаласының символдарының бірі. Б.з.д. 550 жылы салынып біткен храм б.з.к. 400 жылы шыққан бір өрт кезінде қатты зақымдалды. Қазіргі таңда ғибадатханадан тек мәрмәр бағаналар ғана қалды.

Жылына орта есеппен 1,5 миллион адам келетін Эфестегі археологиялық қазбалардың тарихы 125 жыл бұрын басталады. Әлі толық ашылмаған және Анадолы археологиясына жаңа тұғыр қосуды жалғастырған Эфес ежелгі қаласы 2015 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізімінде орын алады.



Ұқсас жаңалықтар