"Сирия халқымен ынтымақтастық жалғасады"

Танжу Билгич Түркияның Сириядағы қақтығысқа көзқарасы жөнінде мәлімдеме жасады.

1867103
"Сирия халқымен ынтымақтастық жалғасады"

Түркия Сирия қақтығысының басынан бері (2011) осы елдегі дағдарысқа халықтың заңды үмітіне сай шешім табу үшін ең көп күш салған ел екенін мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Елші Танжу Билгич Түркияның Сириядағы қақтығысқа көзқарасы жөнінде мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде былай деп айтылды: «Сирия қақтығыстары басталғалы бері осы елдегі дағдарысқа халықтың заңды үмітіне сай шешім табу үшін ең көп күш салған ел Түркия болды. Осы тұрғыда Түркия Астана және Женева үдерістері арқылы атысты тоқтату және Конституциялық комитет құруда жетекші рөл атқарып, саяси процесте оппозиция мен Келіссөз комитетіне толық қолдау көрсетті.

Қазіргі уақытта бұл процесс режимнің кедергісіне байланысты алға жылжымай тұр. Құрметті министріміз (Мевлүт Чавушоғлу) кеше айтқан мәселелер де осыны көрсетеді.

Миллиондаған сириялықты уақытша қорғаумен айналысатын Түркия босқындардың өз еркімен және қауіпсіз түрде елдеріне оралуы үшін қолайлы жағдайларды дайындау және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254-шы қаулысы бойынша жол картасына сәйкес қақтығыстың шешімін табу әрекеттеріне белсенді үлесін жалғастыруда.

Түркия халықаралық қоғамдастықтың барлық мүдделі тараптарымен ынтымақтаса отырып, Сирия халқының үмітіне сай осы қақтығыстың тұрақты шешімін табу әрекеттеріне күшті үлес қосуды жалғастырады. Сирия халқымен ынтымақтастығымыз жалғасады».



Ұқсас жаңалықтар