Ирактың солтүстігінде 3 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық қорғаныс министрлігі залалсыздандырылған террористтер туралы мәлімдеді.

1867085
Ирактың солтүстігінде 3 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит» операциясы аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 3 террорист Түрік қарулы күштері тарапынан залалсыздандырылды.

Ұлттық қорғаныс министрлігі әлеуметтік желідегі аккаунтынан жариялаған хабарламасында «Террорист қай жерде болса, нысанада сол жер. Түрік Қарулы күштері террористтерге қарсы тиімді және табанды күресін жалғастыруда. Ирактың солтүстігінде сәтті түрде жалғасып жатқан «Пенче-килит» операциясы аймағында PKK-лық 3 террорист залалсыздандырылды» делінді.

Басқа жағынан Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда «Ерен Аблука – 29» операциясы аясында Хаккари Қалалық жандармерия қолбасшылығы анықтаған 3 баспана мен үңгірдің ішіндегі зымыран, жарылғыш заттар, қару-жарақ және оқ-дәрілер жойылды.



Ұқсас жаңалықтар