Барлау қызметі Сирияда операция жүргізді

Екі террорист залалсыздандырылды.

1867095
Барлау қызметі Сирияда операция жүргізді

Түркияның Ұлттық Барлау ұйымы Сирия Камышлыда жүргізген операциясында сепаратист террор ұйымы PKK/YPG-нің Амуде-Дербесие «аймақтық басшысы», «Резан Жавит» код атымен танымал ирандық Юсиф Мехмуд Ребаниді залалсыздандырды.

Ұлттық Барлау ұйымы террорлық ұйымның жетекшілерінің бірі, Түрік Қарулы күштеріне қарсы шабуылдарға бұйрық берген террорист Ребанидің Сирияда жүргенін анықтады.

Жұмысты  тереңдеткен соң операцияны жүзеге асырған барлау қызметі террорист Ребани мен «Рухаз Амуде» код атын қолданатын Мазлум Эсатты залалсыздандырды.



Ұқсас жаңалықтар