Су электр станцияларын ашты

Ердоған құрылысы аяқталған 34 су электр станциясының ашылу салтанатына қатысты.

1866756
Су электр станцияларын ашты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның су электр қуатын қысқа мерзімде 2,5 есе арттырып, 44 миллиард киловатт сағаттан 110 миллиард киловатт сағатқа жеткізгендерін айтты.

Ердоған ел астанасы Анкарадағы Бештепе Миллет конгресс және мәдениет орталығында Мемлекеттік гидротехникалық мекемесі тарапынан құрылысы аяқталған 34 су электр станциясының ашылу салтанатына қатысты.

Президент Ердоған Түркияның электр қуатына жылына шамамен 1,9 миллиард киловатт/сағ. үлес қосатын ең биік бөгет Юсуфелидің аяқталып қалғанын айтты.

Президент «Соңғы 20 жылда елімізде 605 жаңа су электр станциясын салып, олардың жалпы санын 730-ға жеткізгенімізді мақтан тұтамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар