Қырым татар түріктеріне де ұзақ мерзімді тұруға рұқсат беріледі

Бүгінге дейін 57 мың 56 Болгария және Грекия түріктері, ұйғыр және месхет ағайындарға ұзақ мерзімді тұруға рұқсат берілді.

1866601
Қырым татар түріктеріне де ұзақ мерзімді тұруға рұқсат беріледі

Түркия месхет, ұйғыр, Болгария және Грекия түріктері қамтылған «Түрік текті» мәртебесіне енгізілген Қырым татар түріктеріне ұзақ мерзімді тұруға рұқсат бере бастады.

Ішкі істер министрлігі Көші-қон басқармасынан алынған ақпаратқа сәйкес, түрік азаматтығы жоқ шетелдіктердің ұзақ мерзімді тұруға рұқсат алуы үшін Түркияда 8 жыл үзіліссіз тұру шарты қажет. Ал Көші-қон саясаты кеңесінің 2017 жылғы 15 ақпандағы шешімімен Болгария, Грекияда тұратын түріктер, месхет және ұйғырлар үшін осы шарт алынып тасталды.

 Осы аяда Көші-қон басқармасы дирекциясы Қырым татар түріктеріне берілетін жаңа мәртебе бойынша зерттеулерін аяқтады. Месхет, ұйғыр, болгар және грек түріктерінің «Түрік текті» мәртебесіне Қырым татарлары да қосылды.

Осылайша Қырым татар түріктеріне Түркияда 8 жыл үзіліссіз тұру шартынсыз «шексіз тұру құқығын» беретін ұзақ мерзімді ықтиярхат алу процесі іске қосылды.

Түркияға келген Қырым татар түріктері қажетті шарттарды орындап, лайықты деп танылған жағдайда ұзақ мерзімді тұруға рұқсат ала алады.

Бұл құқықты пайдаланғысы келетіндер «e-ikamet.goc.gov.tr» сайтында кездесуге жазылғаннан кейін қажетті құжаттармен аймақтық көші-қон басқармасына жүгіне алады.

Басқарманың  деректеріне қарағанда, Түркияда тұру ықтиярхатымен жүрген шетелдіктердің тек 5 пайызының ғана ұзақ мерзімді тұруға рұқсаты болса, түрік тектілерінің 75 пайызының ұзақ мерзімді тұруға рұқсаты бар.

Бүгінге дейін 57 мың 56 Болгария және Грекия түріктері, ұйғыр және месхет ағайындарға ұзақ мерзімді тұруға рұқсат берілді.

Бір жағынан Түркия Украина мен Ресей арасындағы соғыстың құрбаны болған түрік текті 4296 адамға көмек қолын созды. Осы аяда 409-ы Қырым татарлары және 2 мың 395-і месхет 2 мың 804 адам 5 қаладағы орталықтарға орналастырылды. Осындай орталықтарда соғыс құрбаны балаларға медициналық, психологиялық қызметтер,  түрлі спорттыұ іс-шаралар мен ағарту мүмкіндіктері қарастырылған.



Ұқсас жаңалықтар