Бомбалы шабуылға дайындалып жатқан террористтер ұсталды

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу әлеуметтік желідегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.

1866697
Бомбалы шабуылға дайындалып жатқан террористтер ұсталды

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның басшыларының бірі Мұрат Карайыланның тапсырмасымен Иран арқылы Түркияға өтіп, бомбалы шабуылға дайындалып жатқан «Сейдо Ботан Гевер» лақапты террорист Мехди Мыхчы жасанды куәлікпен Стамбулда ұсталды.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында «Мұрат Карайыланның бұйрығымен Иран арқылы Түркияға өткен «Сейдо Ботан Гевер» лақапты PKK-ның арнайы күштеріне мүше және бомба дайындаудан оқу-жаттығуы беретін Мехди Мыхчы Стамбулда сәтті өткен бір операциямен жалған куәлікпен ұсталды» деді.

Министрлік мәлімдемесінде Стамбул Полиция дирекциясы Барлау бөлімшесінің операциясымен Мыхчымен бірге тағы 3 күдіктінің ұсталғаны, бұл адамдар тұрған жерде жүргізілген тінту кезінде қару-жарақ, жалған куәлік пен цифрлық материалдар тәркіленгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Мыхчының 2014 жылы бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қосылғаны анықталды.

Сүлейман Сойлу Твиттер аккаунтынан жасаған тағы бір мәлімдемесінде Сирияның Азез Маре аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK мүшесі «Әбу Али» лақапты Хасан Наджардың бомба тиелген жанкешті кеудеше және көптеген оқ-дәрімен ұсталғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар