Чавушоғлу Кубаға көңіл айту жеделхатын жолдады

Министр Чавушоғлуның көңіл айту жеделхаты Куба Сыртқы істер министрлігі ресми Твиттер аккаунтынан жарияланды.

1866142
Чавушоғлу Кубаға көңіл айту жеделхатын жолдады

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Кубаның Матанзас портындағы танкер базасында болған жарылыста бір адамның қаза табуына байланысты Куба халқына көңіл айтты.

Куба Сыртқы істер министрлігі ресми Твиттер аккаунтынан жасаған ортақ хабарламада Чавушоғлұның Матанзастағы жарылыс пен өрттерге қатты қайғырғаны атап көрсетілді.

Чавушоғлу «Түркия халқы мен үкіметі атынан оқиғадан зардап шеккендерге көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біз достас Куба халқының қайғысына ортақпыз» деді.

Кубаның Матанзас портындағы танкер базасында 5 тамыз күні болған жарылыстарда жараланғандар саны 125-ке жетіп, 1 адам қаза тапқан болатын.

Аймақтан эвакуацияланғандар санының 4 мыңнан асқаны білдірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар