Президент бұрғылау кемесін шығарып салу рәсіміне қатысты

Ердоған Ташуджу портында «Абдүлхамид Хан» бұрғылау кемесінің қызмет орнына шығарып салу рәсіміне қатысты.

1865695
Президент бұрғылау кемесін шығарып салу рәсіміне қатысты
erdogan.jpg
erdogan.jpg
erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Жерорта теңізінде жүргізілетін бұрғылау жұмыстарына қатысты «Жерорта теңізіндегі көмірсутегін іздеу және бұрғылау жұмыстары өз егемендік алаңымызда жүргізілуде. Бұл үшін ешкімнен разылық немесе рұқсат қажет емес»  деді.

Президент Ердоған Мерсин Ташуджу портында «Абдүлхамид Хан» бұрғылау кемесін алғашқы қызмет орнына шығарып салу рәсіміне қатысты.

Президент Ердоған салтанатта сөйлеген сөзінде «Абдүлхамид Хан бұрғылау кемесі Түркияның энергетика саласындағы жаңа көзқарасының символы. Біз қазір 4 бұрғылау және 2 сейсмикалық зерттеу кемесімен осы салада бармыз» деді.

Қаратеңіз табиғи газын келесі жылы ел игілігіне беруді жоспарлағандарын айтқан Ердоған «Қаратеңіз табиғи газының алғашқы сатысы үшін қажетті 10 ұңғымадағы жұмыстарды аяқтап, табиғи газды осы жерден 2023 жылы ұлтымызды қызметіне ұсынуды жоспарлап отырмыз» деді.

Президент Ердоған Жерорта теңізінде жүргізілетін бұрғылау жұмыстары туралы «Жерорта теңізіндегі көмірсутегін іздеу және бұрғылау жұмыстары өз егемендік алаңымызда жүргізілуде. Бұл үшін ешкімнен разылық немесе рұқсат қажет емес» деді.

Президент «Біз «Абдүлхамид Хан» атты кемемізді Гази Пашадан 55 шақырым жердегі «Йөрүклер-1» атты ұңғымаға шығарып саламыз. «Йөрүклер-1» ұңғымасы - Жерорта теңізінің шығысында ауқымды іс жоспарымыздың алғашқы қадамы болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар