Акар: "Залалсыздандырылған террорист саны 311-ге жетті"

Акар Анкарада 13-ші елшілер конференциясының екінші күнінде мәлімдеме жасады.

1865590
Акар: "Залалсыздандырылған террорист саны 311-ге жетті"

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар «Террор аймақтарында біз жасаған операциялардың ешқайсысы басып алу операциясы емес. Біз террористтермен күресіп жатырмыз. Жалғыз нысанамыз террористтер. Олармен күресті жалғастырамыз» деді.

Акар Анкарада 13-ші елшілер конференциясының екінші күнінде мәлімдеме жасады.

Министр Акар Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит» операциясында залалсыздандырылған террорист санының 311 екенін атап, «Ұлтымызды терроризм дертінен құтқаруға бел будық. Біз басқыншылық операциясы жасап жатқан жоқпыз, террористермен күресіп жатырмыз. Террорист қайда болса, біздің нысанамыз сол жер. «Пенче-Килит» операциясы аясында залалсыздандырылған террорист саны 311-ге жетті. Бұдан кейін террор дәлізіне ешқандай жол бермейміз. Террористтер бар жер біздің нысанамыз. Әріптестерімізден уәделерін орындауын күтеміз. Режимнің террористердің қысымындағы бейкүнә сириялықтардың аман-есен оралуы тұрғысынан операцияларымыздың маңыздылығын көрдік» деді.

Акар Түркияның дипломатиялық қадамдарымен шешілген дәнді дақыл дағдарысынан кейін Украина порттарынан жолға шыққан кемелерге қатысты болса «Соғыс бар, бірақ бұл гуманитарлық мәселені шешу керек. Бірлескен тексерулер жүргізіледі. Өте жақсы жүріп жатыр. Әзірге дейін мина проблемасы болған жоқ. Дәнді дақыл тақырыбындағы шешім процесінің бейбітшілік үшін де үлгі болуын тілейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар