Президент Ердоғаннан маңызды мәлімдеме

Президент жаңа операцияның сигналын берді.

1865152
Президент Ердоғаннан маңызды мәлімдеме

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Палестина халқының және Газалық бауырларының жанында екенін айтты.

Ердоған Анкарада Чанкая сарайында 13-ші Елшілер конференциясында сөз сөйледі.

Ол Түркияның Израильдің бейбіт халықты нысанаға алған шабуылдары алдында ұстанымының табанды екенін айтты. «Балаларды, құндақтағы сәбилерді өлтірудің сылтауы болмайды.  Түркия Палестина халқының және Газалық бауырларының жанында» деді ол.

Осындағы сөзінде Сирия территориясына бағытталған жаңа операцияның сигналдарын берген Ердоған: «Оңтүстік шекарамыз бойында 30 км ішке қарай қауіпсіз желі құруда табандымыз.  Сирияда террорлық ұйым орналасқан соңғы аймақтарды да тазалап,  осы қауіпсіздік белдеуін жүзеге асырамыз» деді.

Соңғы кезде Әзербайжан және Армения арасындағы оқиғаларға байланысты президент Ердоған «Армения егер оқиғаларды дұрыс бағаласа,  Әзербайжан мен Түркияның шынайы шақыруларына құлақ түрсе, аймағымыз тұрақтылыққа қауышар еді» деді.



Ұқсас жаңалықтар