"Израильдің агрессиясын айыптаймыз"

Чавушоғлу Анкарада 13-ші Елшілер конференциясында сөз сөйледі.

1865023
"Израильдің агрессиясын айыптаймыз"

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу бас қала Анкарада басталған 13-ші Елшілер конференциясында сөз сөйледі.

Түркияның Палестина мәселесіне күшті қолдауының жалғасып жатқанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Израильдің Газаға шабуылдары және  фанат еврей топтарының Ақса мешітіне кіру әрекеті қабылданбайды. Біз Израильдің агрессиясын қатты айыптаймыз және кеше түнде жарияланған атысты тоқтатудың тұрақты болуын қалаймыз» деді.

Түркияның әділ әлемдік тәртіптің қолдаушысы екенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Жаһандық азық-түлік дағдарысын шешу үшін украин астығын экспорттау туралы Стамбул келісімі және оны орындау біздің дипломатияның жаһандық көрінісі болды» деген сөздер қолданды.

Әзербайжанмен ынтымақтастықты да білдірген Чавушоғлу Арменияға жаңа арандатушылықтарға бармауды ескертті.

Грекиямен қарым-қатынас бойынша Сыртқы істер министрі "Шығыс Жерорта теңізі саясатымызды халықаралық құқық пен теңдік қағидасына сәйкес  жалғастырамыз. Эгейде біз мәселелердің жан-жақты қарастырылып, тұрақты және халықаралық құқыққа сәйкес шешілгенін қалаймыз» деді.

Ол Украина дағдарысының Түркияның маңыздылығын тағы бір рет көрсеткеніне назар аударды.

Ирактағы оқиғаларды да мұқият қадағалағандарын атап көрсеткен министр террористік ұйымдарға қатысты Америка Құрама Штаттарынан күткен қолдауды алмағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар