Террормен күрес үздіксіз жалғасуда

Ирактың солтүстігіндегі бөлшектеуші PKK-лық 4 террорист залалсыздандырылды.

1864576
Террормен күрес үздіксіз жалғасуда

Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит» операциясы аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 4 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен (ҰҚМ) жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит» операциясында анықталған PKK-лық 4 террорист Түрік қарулы күштері тарапынан залалсыздандырылды.

Мәлімдемеде операциялардың бәсеңдетпей жалғасатыны атап көрсетілді.

Басқа жақтан сепаратист террор ұйымы PKK-дан қашқан 3 террорист көндіру арқылы берілді.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда көндіру жұмыстарының нәтижесінде PKK террор ұйымынан қашқан 3 террорист қауіпсіздік күштеріне тапсырылды.

Берілген ұйым мүшелерінің 2002-2021 жылдар арасында террор ұйымына қосылып, Иракта әрекет жасағаны анықталды.

Үстіміздегі жылы көндіру арқылы берілген террорист саны 68-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар