Ердоған мен Путин Сочиде бас қосты

Мәлімдемеде: "Лидерлер Сириядағы барлық террористік ұйымдарға қарсы күресте ұйымшылдық пен бірдей әрекет жасауға бел байлағандарын қайталады" деп көрсетілді.

1864395
Ердоған мен Путин Сочиде бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Сириядағы барлық террористік ұйымдарға қарсы күресте ұйымшылдық пен бірдей әрекет жасауға бел байлағандарын білдірді.

Екі лидердің  Сочи қаласында өткен кездесуі 4 сағат жалғасты.

Көптеген саладағы ынтымақтастықты қолға алған Ердоған мен Путиннің кездесуі жайлы жарияланған ортақ мәлімдемеде:

"Түркия мен Ресей арасындағы шынайы, ашық сөзді және сенімді негіз еткен қарым-қатынастардың аймақтық және халықаралық  тұрақтылықты қамдау тұрғысынан маңызды екені" білдірілді.

Мәлімдемеде: "Лидерлер Сириядағы барлық террористік ұйымдарға қарсы күресте ұйымшылдық пен бірдей әрекет жасауға бел байлағандарын қайталады" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде: "Екі лидер Украинадағы дәнді дақыл мен азық-түлік тасымалына бағытталған Стамбул келісімінің жасалуында екі ел арасындағы мықты байланыстардың рөл атқарғанын қайталады" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар