Президент Ердоған Аныткабирде

Президент Режеп Тайып Ердоған Жоғары Әскери Кеңес (ЖӘК) мүшелерімен Аныткабирге барды.

1863715
Президент Ердоған Аныткабирде

Президент Режеп Тайып Ердоған басшылық жасаған Жоғары Әскери Кеңес (ЖӘК) мүшелері Анкарадағы Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіш мазары орын алған Аныткабирге барды.

Мұнда Ердоған Аныткабир арнайы кітабына қол қойып, «Құрметті Ататүрік, кеңес мүшелері ретінде 2022 жылғы жиналысқа орай құзырыңызға келдік. Сізді және қаһарман шейіттерімізді құрметпен еске алып, кеңес отырысымыздың пайдалы болуын тілейміз. Бізге аманат қалдырған Түркия Республикасы қызу қақтығыстар тұсында өз аймағында тұрақтылық және сенімді ел ретінде өсуін жалғастыруда.

Қаһарман армиямыз өзінің парыз сезімімен, тәртіптілігімен, күннен-күнге артып келе жатқан ұстамдылығы және демократиялық принциптерге адалдығымен ұлтымызға сенім ұялатады. Терроризммен күрестен шекаралық операцияларға дейін әртүрлі майдандардағы көрнекті жетістіктер Түрік қарулы күштерінің күшін, тиімділігін және мүмкіндіктерін айқын көрсетеді» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар